ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

01

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

КЕҢЕС БЕРУ

  • Ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде Интернет желісінде ақпаратты орналастыруға байланысты мәселелер бойынша;
  • Шетелдік құқық иеленушілердің лицензиялық келісімдері ережелерінің ресей заңнамасына сәйкестігі туралы;
  • Зияткерлік меншік объектілерін кедендік ресімдеу және салық салу мәселелері бойынша.

ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

  • Авторлық шарттарды, лицензиялық келісімдерді, айрықша құқықты иеліктен айыру туралы шарттарды қоса алғанда, зияткерлік қызмет саласындағы келісімдерді дайындау;
  • Құпиялылық туралы ережелерді, коммерциялық құпияның режимін, авторлық және айрықша құқықтар туралы еңбек шарттарының ережелерін, корпоративтік ережелер мен саясаттарды, ақпараттық қауіпсіздік саясатын, сайтты пайдалану және интернет желісіндегі сайттар арқылы тауарларды сату ережелерін дайындау.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

  • Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуының дәлелдерін іздеу, жинау және тіркеу;
  • Бұзушылармен наразылық жұмысын жүргізу;
  • Келіссөздер жүргізу және бітімгерлік келісімдерді дайындау;
  • Мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына өтініштерді дайындау және беру;
  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстық істер туралы істерді тергеу барысында құқық иеленушілердің мүдделерін білдіру;
  • Талап арыздарды дайындау және сот органдарында мүдделерді білдіру.
02

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР

  • Электрондық қолтаңба мен электрондық хат алмасудың заңды маңыздылығын қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау;
  • Дербес деректерді қорғау режимін және коммерциялық құпия режимін қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау;
  • Компаниядағы ақпараттық қауіпсіздіктің құқықтық стратегиясын әзірлеу;
  • Технологиялық және аппараттық зерттеулерді заңды сүйемелду;
  • Киберкеңітікте жасалған құқық бұзушылықтарды тергеу барысында клиенттердің мүдделерін білдіру.
03

КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚ

КЕҢЕС БЕРУ

  • Азаматтық, кедендік, валюталық және салық заңнамасы бойынша заңды қорытындыларды дайындау;
  • Мәмілелер жасасу кезіндегі тәуекелдерді талдау, контрагенттерді тексеру.

ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

  • Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларды құруға, қайта ұйымдастыруға, қызметін тоқтатуға ілеспе құжаттарды дайындау;
  • Заңды тұлғаның қызметіне делдал болатын келісімшарттардың, келісімдер мен шарттардың барлық түрлерін әзірлеу;
  • Шарт жасасу барысында сенім білдірушілердің контрагенттермен мүдделерін білдіру;
  • Заңды тұлғалардың басқару органдарының қызметін реттейтін құжаттарды дайындау.
04

ТЕРГЕУ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТЕР (ТАЛДАМАШЫ)

Мониторинг

  • Offline және online зияткерлік меншік объектілерінің қарақшылық деңгейін талдау;
  • Нарық конъюнктурасын зерттеу;

ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕРГЕУЛЕР

  • Контрагенттердің сенімділігі мен іскерлік беделін бағалау;
  • Үлестестікті анықтау;
  • КУС (know-your-client);

АШЫҚ ДЕРЕКТЕР КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

  • Лицензияланбаған зияткерлік меншік объектілерін тарататын сайттарды іздеу және дректерін талдау;  
  • Интернет ақпараттық желісінде қажетті деректерді жинау үшін жеке әдістемелер әзірлеу;  
  • Болжамды бұзушыларды анықтау;

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ БЕЛГІЛЕУ

  • Интернет желісіндегі зияткерлік меншік құқығы объектілеріне құқықтарды бұзушылықтарды іздеу және тіркеу;
  • «Контрафактіні» пайдаланудың анықталған жағдайларына байланысты дауларды сотқа дейін реттеу.